Қазіргі кездегі баланың дамуына ,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің үлесі зор.Мектеп пен ата-ана арасында ешқандай түсініспеушілік болдырмау және оқу мен оқытудағы бағалаудың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету мақсатында осындай ерекше жиналыстардың алатын орны ерекше .Оқу -ісі меңгерушісі Жусупова К.К. ата-аналармен және ұстаздармен «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында семинар өткізді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.К. Жусупованың ата-аналар және педагогтермен өткізген жиналыс барысында ҰБТ туралы сөз болды. ҰБТ ережелері таныстырылды.