Гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен “Жаңа технология-жаңа мүмкіндіктер” тақырыбында мектепішілік семинар-практикум өтті.
Семинардың басталуында мектеп психологы Диханбаева Айжан Нуржановна психологиялық тренинг өткізіп , мұғалімдерді топқа бөлу, кіргізу ұйымдастыру шараларын жүргізді.
Ашылуы: әдістеме бірлестік жетекшісі Рсалина семинар бағдарламасымен, жоспарымен таныстырды.
Мектеп директоры Сагидуллин А.С. құттықтау сөз сөйлеп, семинар барысында сәттілік тіледі.
Оқу ісінің меңгерушісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жусупова К.К
“Білім берудегі жаңа технологиялардың рөлі ” тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі таңдағы жасанды интеллект Hedra AI, Genially платформаларымен таныстырды. Дайындалған ссылка арқылы мұғалімдерге тапсырма орындатты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утеуовна Аклен Шахматовна
«Қазақ тілі сабақтарында ЖИ тиімді қолдану» тақырыбында білім берудегі жаңа цифрлық технологияларды қолдану барысын көрсетті.
Мақсаты: Сабақта тиімді жұмыс істеуге арналған қосымшалармен таныстыру.
Сыныптағы жұмысты ұйымдастыруға арналған платформалар: ойын, квесттүрлерін атап өту.
Тарих пәні мұғалімі Рсалина Г.И.
«Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы» тақырыбында панорамалық сабақ өткізді.
Мақсаты:тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, «оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру» пәндік құзыреттілікті дамыту.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Биржанова З.М.
«ЭКСПО –2017 көрмесінің маңызы» тақырыбында панорамалық сабақ берді.
Мақсаты: Оқушының қызығушылығын арттыратын тәсілдерді қолдану арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту.
Семинар соңында, мектеп психологы Диханбаева А.Н. «Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді» тақырыбында тренинг өткізді.
Семинар өте жоғары деңгейде өтті.
